Канада мен Қытай қатынасы салқындай түсті
Сәрсенбі күні, Канаданың сыртқы істер министрі Христя Фриланд Оттавада баспасөз мәжілісін өткізді. Баспасөз жиынында Фриланд Канада мен АҚШ арасындағы экстрадициялау шарты жөнінде және АҚШ-тың талабы бойынша Канадада тұтқындалған Huawei компаниясының атқарушы директоры Мың Уанжоу мен канадалық бұрынғы дипломат Михаил Ковригтің ісі жөнінде журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Фриланд ханымның мәлімдемесінен, Канаданың Сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен бұсағаннан кейін Халықаралық дағдарыс жөніндегі ұйымда жұмыс істеп жатқан Каң Миңкайдың Қытай үкіметі жағынан тұтқындалғаны белгілі болды. Бұл мәселе Канада үкіметінің алаңдаушылығын туғызып отыр.
Канаданың СІМ басшысы тағы бір канадалық азаматтың Қытайда із-түссіз жоғалып кеткенін мәлімдеді. «Біз бір канадалық азаматтың Қытай билігінің сұрағынан кейін бізге хабарласқанын білеміз. Бірақ, одан кейін ол хабарсыз кетті», – деді Фриланд ханым. Оның айтуынша, қазір Канада үкіметі осы азаматты іздестіру үстінде және бұл туралы Қытай үкіметіне де өз талаптарын жолдаған.
Фриланд жоғалған азаматтың жеке бастық информациялары айтып беруден бас тартты. Канада Сыртқы істер министрлігі Мың Уанжоудың тұтқындалуынан бұрын ел азаматтарына жариялаған Қытайға сапар жасауда «қырғы болу» туралы ескертудің әлі де өз күшіне ие екенін айтты.
Каң Миңкайдың тұтқындалуы Канадада Huawei компаниясының атқарушы директоры Мың Уанжоудың тұтқындалуынан кейін орын алды. Мың Уанжоу қамауға алынған кезде Қытай үкіметі бұның зардабы ауыр болатынын ескерткен еді. Құрама Штат тарабы Мың Уанжоуды АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларынан жалтару мақсатында алаяқтықпен айналысты деп айыптады. Дегенмен, қытайлық технология компаниясының атқарушы директоры 11 желтоқсанда кепілдікпен босатылған болатын.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл туралы жасаған мәлімдемесінде, егер ұлттық қауіпсіздік мүддесіне пайдалы болса немесе АҚШ-Қытай сауда келісімдеріне оң ықпал жасайтын болса Мың Уанжоудың ісіне араласуы мүмкін екенін айтты. Алайда, кешегі баспасөз жиынында Канада СІМ басшысы бұл іс Канада заңы бойынша біржақты етілетінін атап көрсетті.