Канада мемлекет шекарасын жауып тастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирустың жаппай таралуына байланысты Канада үкіметі мемлекет шекарасын жабу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Трюдо

Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді. 

«Біз Канадада тұрақты үй жоқ және шетелдік азаматтарға елге кіруге шектеу қоямыз. Бұл шектеп дипломаттар мен олардың отбасына жүрмейді», — деді Трюдо. 

Сөзінше, АҚШ азаматтары да Канадаға емін-еркін өте алады екен. 

Сондай-ақ 18 наурыздан бастап халықаралық әуе рейстерін елдегі төрт қаланың — Ванкувер, Калгари, Монреаль және Торонто әуежайлары ғана қабылдайды. Бұған қоса елге коронавирустың алғашқы белгілері бар жолаушыларды алып келуіне тыйым салыныпты. Ал отандарына шетелден оралған азаматтар 14 күнге карантинге жабылады екен. 

 

stan.kz