Кәмшат Жолдыбаева: Мені алғаш өнерге әкеліп, сахнаға шығарған Тамара Асар еді — Қазақстан жаңалықтары

0

Кәмшат Жолдыбаеваның алғашқы тәлімгері Тамара Асар. Мұны бірі білсе, бірі білмейді. Кәмшатқа бала күнінде үнді киімін өзі тігіп беріп, сахнаға шығарған да көпке белгілі Тамара Асар әншіміз. 

Бұл туралы «Дастархан» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Ол кезде Тамара апа филормония әншісі болатын. Біздің облысымызға белгілі әнші еді. Біздің ауылға Форт-Шевченкоға келеді. Концерттен кейін ұйымдастырушының үйіне барып, дастархандас боламыз. Сол кезде Тамара апаларың келеді деп бізді деп шақырып алды. Дастарханда отырғанда анам жайлап Тамара апаға мен туралы айта бастады. Қызым ән айтады, би билейді. Үнді әнін шырқайды деді. Сол кезде үндіше ән айтып бергенім бар», — деді Жолдыбаева. 

Бұл сәтті Тамара Асар да есіне түсірді. Тіпті бала Кәмшаттың қандай ән айтқанын да айтып берді. 

«Анасы ауданның хореографы еді. Кәмшат жақсы билейді, бірақ ән айтуға ұялады деді. Кәмшатқа ал ән айтшы көрейік деп едік, ұялып айтпай қойды. Біз қолқалап қоймадық. Сәлден соң айтады, өзі айтады деді. Бір сәтті біз әңгімелесіп отырғанда әнді айтып бастап кетіпті. Біз теріс қарап, Кәмшат теріс қарап отырып айтты. Тыныштала қалдық. Сол үндіше ән әлі құлағымда. Ерекше орындау болды. Жылы суды тамызықтап құйған секілді әсерде болдым. Жүрегіме қона кетті. Сосын Кәмшатқа үндіше көйлек тігіп бердім», — деді Тамар Асар.

Осылайша Тамар Асар Кәмшатты Ақтауға конкурсқа алып барады. Музыкалық вояжға өзі дайындады. Алғашқы турда Кәмшат үндіше, екінші турда орысша ән айтып бас жүлдені иеленеді. Осылайша Кәмшаттың бойындағы өнерін ашып, сахнаға жетектеп шыққан Тамара Асар еді. 

stan.kz