Кәмелетке толмаған қызды атасы, әкесі және ағасы зорлап, жүкті болып қалған
Үндістанда атасы, әкесі және ағасы бірнеше ай бойы зорлаған қыз жүкті болып қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарнаның хабарлауынша, төтенше жағдай Уттар-Прадеш штатында болған. Сол жерде кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның туысы полицияға хабарласқан. Оның айтуынша, отбасындағы ер адамдар оны бірнеше ай бойы зорлаған.
Тәртіп сақшылары оны медициналық тексеруге алып кетті. Тексеру барысында дәрігерлер оның жүктілігінің екінші айында екенін анықтады. Осыдан кейін оны қорлаған туыстары қамауға алынды. Оларға бірнеше бап бойынша айып тағылды.
Жәбірленушінің нақты жасы айтылмаған, бірақ оның жасы 16-ға толмағаны белгілі.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда қызын зорлағаны үшін сотталған ер адам түрмеде өз көзін ойып түсіргенін жазған едік. 1971 жылы туған ер адам кәмелетке толмаған қызын бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерге қатысты үкім шығарды. Үкімге сәйкес, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот қылмыскерге мерзімін орташа режимдегі колонияда өтеу жазасын тағайындады. Сот отырысы кезінде қылмыскер өз кінәсін мойындады. Бірақ қылмыс жасаған кезде мас күйде болғанын айтып, куәлік беруден бас тартты. Сондай-ақ жәбірленушіге моральдық шыны ретінде 5 миллион теңге беру туралы талаппен келісті.