“Камазға” соқтығысқан мопед жүргізушісі тіл тартпай кетті

0

Мопед жүргізушісі Астанада «Камазбен» болған жол-көлік оқиғасында қаза тапты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«2024 жылдың 25 тамызында сағат 21.14 шамасында мопед жүргізушісі Сарайшық көшесімен Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне қарай жүріп, рульді басқара алмады және тұрған «КамАЗ»автомашинасына соқтығысқан. Апат салдарынан мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Фото: zakon.kz