Калифорнияның оңтүстігінде жер сілкінді

0

Бейсенбі, 4 шілдеде АҚШ-тың Калифорния штатының оңтүстігінде Рихтер бағамы бойынша 6,4 балды күшті жер сілкінісі болды. Афтершоктар шамамен 30 секундке созылған. Жер асты дүмпулері 400 шақырымдағын Лас-Вегас пен Невада штатында да сезілген.

Зардап шеккендер бар, 28 мың тұрғыны бар Риджкрест қаласынан көптеген адам жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Бірнеше үйде өрт болған. Жергілікті аурухана ғимараты зақымданған, науқастар мен дәрігерлер қауіпсіз аймаққа көшірілген. Кейбір автожолдарда асфальт жарылған.

Сейсмологтар «жер асты дүмпуі қайталануы мүмкін, бірақ аса күшті болмайды» деп болжайды.

Калифорнияда күшті жер сілкінісі соңғы рет 1999 жылы болған. Ол кезде жер дүмпуінің күштілігі 7,1 балға жеткен. Ал 1994 жылы Лос-Анжелесте болған жер сілкінісінде 57 адам қаза болған.

Azattyq