Калифорнияда тұрғын үйлердің үстіне ұшақ құлады (видео) — новости Казахстана

0

АҚШ-тың Калифорния штатында Йорба-Линда қаласында тұрғын үйлердің үстіне ұшақ құлады деп riafan.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Ұшақ қатар тұрған екі үйдің үстіне құлап, одан кейін жарылыс болған. Көшенің бойында ұшақ қалдықтары шашылған.

Куәгерлер ұшақтың аспанда бөлшектеліп қалғанын жеткізді.

Өрттен шыққан қалың түтін бірнеше шақырым жерден көрінді.

Алдын ала ақпарат бойынша бес адам қайтыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілді.

Ұшақтың ішінде қанша адам болғаны әзірге белгісіз.

Дереккөз: kaz.nur.kz