Кәлетаев балалары Сирия асқан ата-аналармен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың соңғы бірнеше жылдың ішінде балалары террористік белсенділігі жоғары Сирия-Ирак аймақтарына кеткен ата-аналардың бастамашыл тобымен кездесті.
Ведомстваның баспасөз қызметінің мәліметінше, жекелеген мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету үшін аталған кездесуге бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.
Кездесу барысында әйелдер және кәмелеттік жасқа толмағандар қатарындағы Қазақстан азаматтарын соғыс іс-қимылдары аймақтарында іздеумен және отанына қайтарумен байланысты ең өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.
Министр Д.Кәлетаев және өзге мемлекеттік органдар өкілдері ата-аналар тобына ҚР азаматтарын елге қайтару мәселелері бойынша, сондай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу жөнінде түсініктеме берді.
Кездесудің нәтижесі бойынша Министрліктің ішінде тұрақты жұмыс істейтін Жұмыс тобын құру және осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ