Кафенің шатырынан шалбарсыз құлаған ұры елді шошытты

0
Кафенің шатырынан шалбарсыз құлаған ұры елді шошытты


АҚШ-тың Алабама штатында шалбарсыз ұры кафенің шатырынан құлап, жұртты шошытқан.

АҚШ-тың Алабама штатының тұрғындары түсірген бейне танымалдылыққа  ие болды. Адамдарды таңқалдырған шалбарсыз ер адам кафе төбесінен кенеттен құлап, айналасындағылармен бірден төбелесе жөнелді.

Содан кейін қашып кеткен. Ал кафедегілер полицияға хабар берген. Кейін оның құқық қорғаушылардан қашып жүрген ұры екені анықталған.

Құқық қорғау органдары тергеуді бастаған кезде, ұры 27 жастағы қылмыскер Гленн Бост болып шықты.  Полиция қызметкерлері оның кафеде қалған шалбар қалтасынан жеке куәлігін тауып, есімін анықтаған.​