Кафедегі отырыс пышақ жарақатымен аяқталды

0
Кафедегі отырыс пышақ жарақатымен аяқталды


Алматыдағы кафеде төбелес болып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алған.

Оқиға 30 қараша күні Алмалы ауданының кафесінде болған. Ер адамдар арасында жанжал пайда болған. Қақтығыс соңы төбелеспен аяқталып, бір адам жарақат алған.

«Ол ауруханаға жеткізілді. Күдікті дереу ұсталды. Айғақты зат — пышақ, ол табылды», — деп мәлімдеді Алматыдағы ресми өкіл Салтанат Әзірбек.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес «Қасақана ауыр дене жарақатын салу» бойынша тергеу басталды.