Кабулдағы атыста ондаған адам қаза тапты

0

Ауғанстанда қарулы адамдар үкімет ғимаратына шабуыл жасап, кемінде 28 адам қаза тапқан. 20-дан астам адам жараланған. Олардың көбі мемлекеттік қызметкерлер. Полиция жеті сағатқа созылған текетірестен соң үш шабуылшының өлгенін хабарлады. Кабулдағы үкімет ғимаратына жиі шабуыл жасалады. Олардың көбін «Талибан» экстремистік тобы ұйымдастырады. Дүйсенбі күні түнде аяқталған атысты әзірге, ешбір топ мойнына алмады. Ауғанстаннан шетел әскерін алып кетіп, өз заңдарын орнатуды көздейтін «Талибан» содырларымен үкімет күштері 17 жыл бойы соғысып келеді.

Дереккөз: Азаттық