Кабулда тағы жарылыс болып, кем дегенде жеті адам қаза тапты

0

31 мамырда Ауғанстан астанасы Кабулда көлік жарылып, кем дегенде жеті адам қаза тапты. Жарылыс астананың шығысындағы Якатот ауданында болған. Ауған билігі қаза тапқандар мен жапа шеккендер саны әзірге нақты емесін айтады.

Жарылыс болған маңда АҚШ пен НАТО әскерилері, сондай-ақ Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерінің ғимараты орналасқан.

Бұл — екі күн ішіндегі екінші жарылыс. Кеше, 30 мамырда Кабулдағы әскери академияның маңында жанкешті өзін жарып жіберіп, алты адам қаза тапқан. Жарылысты өздерін «Ислам мемлекеті» атайтын террористік ұйым мойнына алды.

Azattyq