Тез байыған «Jysan bank»-тің артында кім тұр?

0
     Белгілі блогер Бауыржан Мұқанов facebook-тегі парақшасында «jysan Bank»-ке қатысты бірнеше мәліметтермен бөлісті. 2017 жылы банкрот бола жаздаған (сол кездегі «Цеснабанк») атауын өзгерткеннен кейін қатты жылдамдықпен өсуде.
«Жусан банктің success story-ы
2017 жыл. Цесна банк банкрот бола жаздайды. Ұлттық банк 100 млрд теңге қарыз беріп сақтап қалады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 150 млрд теңгеге дейін, одан кейін 200 млрд теңгеге дейін өсті.
2019 жылы Цесна банктің ауыл шаруашылығына берген несиесі қайтпай қалады. Мемлекет банкке қайтарымсыз 1 трлн 54 млрд теңге береді де проблеманы өзіне алады. Банк банкроттықтан құтылды. Осы кезде оны First Heartland Securities сатып алады. Неше теңгеге алғаны секрет.
2021 жылдың наурызы. Екі жыл бұрын банкрот бола жаздаған Цесна банк, ендігі Жусан банк АТФ банкін сатып алады. Бұл сделканың да құны секрет. Екі жыл бұрын Ұлттық банк те АТФ-ке жомарттық жасаған еді. Сондағы бергені «100-ақ млрд теңге».
2021 қыркүйек Жусан банкі Ресейдің Азия-Тынық Мұхит банкін сатып алады.
Арада бір апта өтті. Жусан банк ҚазТранКомды сатып алды.
Тағы бір аптадан кейін Kcell-дің 24% акциясы да Жусандікі»- дейді Бауыржан Мұқанов.