Jýsan Bank АТФБанкты сатып алады

0

Jýsan Bank ATFBank-тің 99,76 пайыз акциясын сатып алады, — бұл туралы Jýsan Bank баспасөз қызметі хабарлайды.

«Jýsan Bank пен АТФБанктің акционері Г. Есенов Jýsan Bankке АТФБанк акцияларының 99,76 пайызын сатып алу туралы алдын ала келісімге келді. Келісім шеңберінде, 2020 жылдың қараша айында тараптар АТФБанк акцияларын сату-сатып алу шартын жасасуға ниетті. Оны АТФБанкінің қазіргі акционері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдаса, Jýsan Bank акцияларының бір бөлігі Jýsan Bank-тің қосымша шығарылымы шеңберінде сатып алынады », — делінген хабарламада.

Сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін, екі банк те бірыңғай стратегия аясында біртұтас форматта жұмыс істейді деп болжануда.

Банк трансформация барысында АТФБанктің барлық қызметтері стандартты режимде жұмыс істей беретінін, «бұл өз клиенттеріне АТФБанктің қолданыстағы қызметтерін толық көлемде сақтауға және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп қосты.

«Jýsan Bank — First Heartland Securities инвестициялық компаниясының еншілес компаниясы. Дәстүрлі банктік қызметтердің кең спектрінен басқа, Jýsan Bank Jýsan қаржы тобы компанияларының өнімдері мен қызметтерін біріктіретін өзінің экожүйесін дамытады: Jýsan Invest брокерлік қызметтері және Jýsan Garant сақтандыру қызметтері.

АТФБанк — Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі. Өзінің 25 жылдық тарихында АТФБанк әмбебап бейінді дамытып келеді, жеке банкингтің клиенттеріне және бүкіл Қазақстан бойынша корпоративтік секторға банктік қызметтердің барлық спектрін ұсынады », — деп толықтырды баспасөз қызметі.