Jusan Bank-ке жаңа басшы тағайындалды

0

2022 жылғы 15 наурызда «First Heartland Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесі Басқарма төрағасы лауазымына Айдосов Нұрдәулет Ғалымұлын тағайындады. Ол 2019 жылдан бері банкті басқарып отырған Қайып Айбек Төребекұлының орнына келді, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа тағайындауға қатысты Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу пікір білдірді.

«Біршама уақыт бұрын Jusan Bank мемлекеттің бір емес, екі проблемалық банк – Цеснабанк және АТФБанкті сауықтыру ұсынысын қабылдаған еді. Біздің команда осы банктерді тығырықты жағдайдан шығару үшін бар күшін салды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі жол бермейтін, мақсатқа бағытталған және орасан-зор жұмыс оң нәтижесін берді.  Jusan Bank  Қайып Айбектің басшылығымен қысқа уақыт аралығында үлкен табыстарға қол жеткізді: жаңа корпоративтік стандарттар қалыптастырылды, проблемалық қаржы мекемелерін табысты түрде сауықтыру және олардың негізінде заманауи, қарқынды түрде өсіп жатқан әмбебап банкті құру бойынша бірегей кейс жүзеге асырылды. Jusan Bank  бүгінгі таңда ең жаңа технологияларды белсенді түрде қолдануда және оларды өз қосымшаларының онлайн-сервистерімен және құрылған цифрлық экожүйесімен интеграциялауда. Осылайша, алдағы уақытта дамуға сенімді іргетастың негізі қаланды.   Жақында Қайып Айбек кәсіби дамуын жалғастырғысы келетіндігіне байланысты  Директорлар кеңесіне өзін ағымдағы басқарушылық қызметтен босатуға және басқа позицияға ауыстыруға өтініш жасап, Кеңес оның өтінішін қабыл алды. Біз Қайып Айбекке Jusan тобының дамуына қосқан үлкен үлесі үшін алғыс айтамыз және оның жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз. Басқарма төрағасы лауазымына Jusan Bank-тің жаңа басшылығына Нұрдәулет Айдосов тағайындалуда, біз оның жаңа мәртебесіне шын жүректен сәттілік тілейміз.  Айдос мырза банк стратегияларын жүзеге асыруды табысты түрде жалғастыратынына біз сенімдіміз», – деді Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.

«Айдосов Нұрдәулеттің халықаралық және отандық қаржы компанияларында басқарушылық қызмет атқаруда үлкен тәжірибесі бар. Ол еңбекқорлық, адалдық және меритократия және ашықтық қағидаттарын ұстанушылық секілді жеке қасиеттерімен бәріне танымал. Бұрын Нұрдәулет Айдосов Jusan Private Banking бағытын және Jusan Invest тобының инвестициялық бөлімшесін басқарып,  бірегей қаржылық өнімдер мен онлайн шешімдерді сәтті түрде енгізген және осылайша біздің тобымызды өте қысқа мерзім ішінде инвестициялық қызметтердің нарығындағы көшбасшы позицияларға шығарған болатын», – деп атап өтті Шигео Катсу.

Өз кезегінде жаңа Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов өзіне білдірген сенім үшін Jusan Bank Директорлар кеңесіне ризашылығын білдірді.

«Түпкілікті және жалғыз қаржылық бенецифиарлары болып Назарбаев Университеті және НЗМ түріндегі еліміздің ең үздік білім институттары табылатын еліміздің ең ірі қаржы институттарының бірін басқару үлкен құрмет және жоғары жауапкершілік. Кәсіби командамыздың арқасында біз халықаралық нарықтардағы өсіп жатқан құбылмалылық сын-тегеурінін еңсеріп, біздің ұлғайып келе жатқан клиенттік базамыздың сенімін нығайтамыз және корпоративтік даму қарқынын жылдамдатамыз деп сенемін, – деді Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

(Фото http://Tengrinews.kz сайтынан алынды)