Junior Eurovision: Данэлия Тулешова тыңдармандарына үндеу жолдады (видео) — новости Казахстана

0

Минскіде өтетін «Балалар Евровидениесі-2018» халықаралық байқауында бақ сынайтын қазақстандық әнші Данэлия Төлешова өз Instagram парақшасында тыңдармандарына үндеу жолдады деп хабарлайды NUR.KZ. 

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Отандық әнші онлайн-дауыс берудің алдында өз оқырмандарынан «Өзіңе сен» әніне дауыс беруді сұраған.

Ал Төлешоваға қолдау білдіріп, дауыс беру үшін vote.junioreurovision.tv сайтына кіріп, қатысушылардың өнер көрсетуінің қысқаша видеосын көру керек.

Содан кейін ашылған дауыс беру парақшасында өзіңізге ұнаған 2-3 қатысушыны таңдап,  SUBMIT YOUR VOTES деген батырманы басу қажет.

Одан кейін сізге жасанды интеллект емес екендігіңізді тексеру үшін математикалық жеңіл есеп беріліп, жолаққа шешімін жазу ұсынылады. Артынша сіздің даусыңыз қабылданады.

Дауыс беру Астана уақыты бойынша 24 қарашаға қараған түні сағат 01.00-де ашылған және 25 қарашаға дейін жалғасады. Ал 25 қарашада барлық қатысушы өнер көрсетіп болғаннан кейін дауыс беру 15 минутқа қайта ашылады.

«Балалар Евровидениесі-2018» халықаралық байқауының гранд-финалы Минск қаласында 25 қараша күні өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталатын тікелей көрсетілімді «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Отандасымыз сахнаға үшінші болып шығады. Ал Данелияның алдында өз бақтарын Украина мен Португалия әншілері сынайды. Ал Төлешова «Өзіңе сен» әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындайтын болады.