Junior Eurovision байқауының көрсетілімі «Хабар 24» арнасына ауыстырылды

0
24 Қараша 2018, 15:13 221 0

Фото: 24kz

Астана, BAQ.KZ. Минскідегі «Junior Eurovision» балалар ән байқауының финалы 25 қараша күні сағат 21:00-де өтеді. Техникалық себептерге байланысты «Балалар Евровидениесінің» тікелей эфирдегі көрсетілімі республикалық «Хабар 24» телеарнасына ауыстырылды.

Қазақ елі бұл өнер сайысына тұңғыш рет қатысып отыр. Байқауда еліміздің намысын Данэлия Тулешова қорғауда. Ол Ұлттық іріктеу конкурсының жеңімпазы.

Телекөрермендердің 23-25 қараша аралығында junioreurovision.tv сайты арқылы дауыс бере алады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ