Юлия Началованың әкесі әншінің неден қайтыс болғанын айтты — Қазақстан жаңалықтары
Ресейлік әнші Юлия Началованың әкесі оның өлімінің себебін атады.
Бұл туралы «Москва» қалалық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Өлімінің себебі – абсцесс (қабыну процесінің салдарынан ағзаларда немесе тіндерде ірің жиналып қалуы – ред.). Қоштасу рәсімі мен жерлеу рәсімі қашан өтетінін кейін хабарлаймыз», — дейді Виктор Началов.
Еске сала кетсек, ресейлік әнші Юлия Началова сенбі, 16 наурызда, 39 жасында қайтыс болды. 11 наурызда әншінің қанындағы қант мөлшері күрт жоғарылап кетіп, аяғы іріңдей бастағандықтан, ол ауруханаға жатқызылған. Әртіс 13 наурыздан бері жасанды комада болыпты. Сенбі күні оған ота жасалып, Юлия Началова ес жимастан қайтыс болды.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz