Юлия Галышева күмісті қанағат тұтты


Фото: Скриншот
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері қазақстандық могулшы Юлия Галышева Финляндияның Рукасында фристайлдан өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль алды.
Vesti.kz порталының хабарлауына қарағанда, Галышеваның активінде — 81,48 балл.
Бірінші орын 82,26 балмен олимпиада чемпионы франциялық Перрин Лаффонға бұйырды, ал қоланы америкалық Тесс Джонсон еншіледі- 75,85. Соңғының алдында, 31-нші болып қазақстандық Аяулым Әмренова келді — 17,52.
Қазақстандық ерлер арасында могулдан үздік көрсеткішті Дмитрий Рейхерд көрсетті — 76,76 балл. Этапта 20-ншы болып Павел Колмаков келді — 75,49, 55 қатысушы ішінде 50-нші болып Александр Геберт жетті — 45,36.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ