Юлия Галышева әлем кубогында «күміс» алды

0
Юлия Галышева әлем кубогында «күміс» алды


Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, финалда жерлесіміз 80.17 ұпаймен екінші орын иеленді. Бірінші орында франциялық Перрин Лаффон. Ол 82.26 ұпай жинады. Үздік үштікті америкалық Тесс Джонсон қорытындылады.

Сондай-ақ, ерлер арасында сынға түскен Дмитрий Рейхерд бесінші орыннан көрінді. Еске сала кетейік, Юлия Галышева 2018 жылдың қорытындысы бойынша қысқы спорт түрлерінен үздік спортшы атанды.

Дереккөз: ҚазАқпарат