Эвакуация және жолдардың жабылуы: Бөгетті су шайып кеткен Іле ауданындағы жағдай қалай

0

Бөгет бұзылған Байкент ауылдық округінің тұрғындары эвакуациялануда. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстың полиция департаментінің мәліметінше, қызметкерлер көшелерді аралап, тұрғындарды эвакуациялау туралы ескертуде. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және жергілікті атқарушы билік өкілдерінен тұратын жедел штаб құрылатыны айтылады.

“Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету мақсатында посттар орнатылды”, – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Мектептердің бірінде азаматтарды қабылдау бөлімі құрылып, төсек-орындар орнатылды. Көшелерге құм салынған қапшықтардан қоршаулар салынып, техникалар жұмыс істеп тұр.

Ащылысай тоғанындағы су деңгейінің көтерілуіне және ауылды су басу қаупіне байланысты Қараой Байсерке – Междуречинск жолын 23 шақырымнан (Алматы) 42 шақырымға дейін жауып тастаған. (Байкент ауылы). Көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгетінің бір бөлігін су шайып кеткені хабарланған.