Этикалық нормалардың сақталуын бағалауға арналған «Digital Agent» жаңа қосымшасы ұсынылды
Мемлекеттік қызмет істері департаментімен ведомствоаралық жұмыс тобының алаңында әр азаматқа мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелерді тез шешуге, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін бағалау және этикалық нормалардың сақталуын бағалауға арналған «Digital Agent» жаңа қосымшасы ұсынылды.
Өткізілген отырыста басқа да мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың өзекті сұрақтары қарастырылды, атап айтқанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімінің бұзылу негіздері. 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімінің бұзылуының 1,3% мемлекеттік қызметтердің Стандарттары мен Регламенттерінің сәйкессіздігі, профильді заңнамалардағы коллизиялар, техникалық мәселелері мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетілуіне кедергі келтірді.
Жұмыстан тыс уақытта электронды форматта қызмет көрсету мәселесі де қаралды. Азаматтар өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта мемлекеттік қызмет алуға электронды түрде өтініш тапсыра алады. Алайда, нормативтік актілермен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі өзгеше бағытталған. Сондықтан, осындай мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтыруларды талап етеді.
Жұмысшы топ отырысында мемлекеттік қызметтердің тәжірибедегі нақты бизнес-процестері зерттелген «Жасырын сатып алушы» жобасы аясында қоғам өкілдерімен жүргізілген шаралардың нәтижесі қорытындыланды. Ағымдағы жыл бойы қоғамдық бірлестіктермен 105 бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 129 заң бұзушылықтар анықталып, мемлекеттік органдардың 38 қызметкерлері жауапкершілікке тартылды. Алдын алу мақсатында Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсетушілерге тиісті ұсыныстар жолданды.
2018 жылда атқарылған жұмыстардың қорытынды бойынша Ведомствоаралық жұмысшы тобының белсенді мүшелеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және тұрмыстық жемқорлықты жою бойынша атқарған жұмыстары үшін Алғыс жариыяланды.