Белгілі кино актрисасы Covid-19 вакцинасынан кейін түсік тастаған

0
1568

Гонконгтағы ең «Сұлу ана» атағының иесі, актриса, иога жаттықырушысы Valerie Lam 23 наурызда Фубитай вакцинасының алғашқы дозасын алып, 4 сәуір күні түсік тастағанын айтты. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Кейбір желі қолданушылары Valerie Lam-ның Фубитай вакцинасының алғашқы дозасын қабылдағанын айтып, сәуірдің басында түсік тастауын вакцинациямен байланысты болуы мүмкі екенін айтты.

Бұған жауап ретінде өнері иесі бұқаралық ақпарат құралдарына: «Мен ол кезде жүкті екенімді білмедім, бірақ іс жүзінде дәрігерлер оның маңызы болмауы мүмкін екенін айтты. Жүктіліктің үзілуіне көптеген себептер бар…» деп бөлісті ол.

Ол сондай-ақ күйеуі мен ұлының үш адамдық отбасымен фотосуретін жариялап, бұл жағдайдың отбасына әсер етпейтінін айтты.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету