«Эстрада королі» атанған Бесбаев 42 жасын қалай тойлады? (фото)

0

Күні кеше 42 жасқа толған Мейрамбек Бесбаев өнердегі әріптестерінің басын қосып, жекеменшік мерекесін мейрамханада тойлады деп жазады NUR.KZ.

Қоңыр үнді қазақ әншісінің туған күніне Қайрат Нұртас, Арман Дүйсенов, Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдуллин, Тоқтар мен Бейбіт, «Музарт» тобы, Бүркіт секілді отандық өнер иелері жиналған.

«Қазақ эстрадасы королінің» қуанышына ортақтасқан әншілер Бесбаевтың туған күнінде түскен суреттерін желідегі парақшаларында бөлісті.

Айта кетерлігі, өткен жылы «Музарт» әншісі туған күнінде «Елге сәлем» атты жеке кешін өткізген болатын.