Эстрада әншісінің Шымкенттегі 250 млн тұратын үйі сатылмай тұр (фото)

0

Отандық танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы өзінің зәулім үйінің жаңа иесін іздестіруде.

Танымал әнші бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Өмір болған соң өзгерістер де болуы заңдылық шығар. Адал еңбектің жемісі болған шаңырағыма құда түсушілер болса» — деп жазды.

Әншінің 3 қабатты зәулім үйі Қайтпас-2 мөлтек ауданында орналасқан. Кең қонақ бөлмелерімен, жатын бөлмелері, кинозалы және екі мезгілге арналған ас үй бар. Сәндік үйлесім таба білген заманауи үлкен отбасына арналган ғимарат.

16-телімді алып жатқан жерде жазғы ас үй, ошақ болмесі, бу болмесі, бастырма, тапчан жане тағы басқа карастырылған.  Жиһаздарымен қоса сатылатын бұл үйдің жалпы құнын риэлтор 250 млн теңгеге бағалады.

Oinet.kz