«Эротикалық видео көрсеткен»: Бишімбаев айыптау актісіне қатысты өз нұсқасын айтты
Бишімбаев сот отырысында өзіне үйленген соң 10 күннен кейін келген эротикалық сипаттағы видео туралы айтты.
«Маған анонимді нөмірден Telegram арнаға сілтеме жіберді. Онда «қараңыз, жұбайыңызға ұқсайтын адамды көресіз» деп жазылған. Түн еді, мен есеңгіреп қарай бастадым, эротикалық видео көрдім. Қыз өте ұқсайды. Бет-әлпеті көрінбейді, бірақ өте ұқсайды (Салтанатқа ұқсас — еск.). Әрине, мен елемей қала алмадым. Мен оған көрсеттім, «неге маған бұлай жібереді?» дедім» — дейді Қуандық Бишімбаев.
Айыпталушы жұбайынан сол видеода бар-жоғын түсіндіруді сұрағанын айтты.
фото: ашықдереккөз