Эрдоған Назарбаевқа қоңырау шалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Назарбаев Түркия басшысымен сөйлесті

Сөйлесушілер бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, бір-біріне мықты денсаулық, жаңа табыстар, бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтарына береке мен өркендеу тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған жаһандық коронавирус пандемиясымен байланысты жағдайды талқылады және қазіргі жаһандық дағдарысты сәтті еңсеру үшін халықаралық күш-жігерді біріктіру керектігін айтты.

Әңгіме соңында тараптар екі мемлекет арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге өзара қызығушылық білдірді.

Әңгіме түрік тарапының бастамасымен өтті.

 

stan.kz