Энергетика вице-министрі тағайындалды — Саясат|26 Қараша 2018, 10:11
Астана, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Есімханов Сұңғат Қуатұлы Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.
Сұңғат Қуатұлы 1973 жылы Павлодар облысында туған.
Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осыған дейін бұл лауазымда болған Анатолий Шкарупа өз өтінішімен қызметінен босатылды.
Бұған дейін Сұңғат Есімханов ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ