Энергетика министрлігі 1 миллион теңгеге кресло сатып алғаны рас па? — Министр түсініктеме берді

0

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет клуарында ведомствоның 1 млн теңгеге кресло сатып алуына байланысты пікір білдірді.

«Сіздің министрлік млн теңгеге кресло сатып алғаны туралы ақпарат шықты. Мәліметті нақтылап айтып бере аласыз ба?», — деп сұрады журналист.

Министрдің айтуынша, бұл — жоспарланған сатып алу шарасы.

«Мен бұл жерде қандай сенсация бар екенін білмеймін. 1 млн теңгеге орындығы қирап біткен қызметкерлерге 15 кресло сатып алынған. Сол ескірген орындықтарды ауыстырдық», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ, ол сатып алынған әр креслоға 75 мың теңге төленгенін айтты.

«Бұл жоспарлы шара болатын. Қызметкерлерімнің қосымша беріп жатқан мәліметі бойынша 9 жыл бойы пайдаланылған креслоларды жаңаладық», — деді министр.

ақпарат: Azattyq-ruhy.kz

фото: informburo.kz