Эммануэль Макрон үкіметтің шұғыл отырысын өткізді
Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі наразылыққа қатысты үкіметтің шұғыл отырысын өткізді.
Europe1 радиосының хабарлауынша, жиында жанармай бағасына қатысты мәселелер талқыланып, жақын арада билік пен шерушілер мәмілеге келмек. Бұған дейін Эммануэль Макрон наразы топпен ортақ келісімге келмейтінін айтқан. Дегенмен, Үкімет басшылары жанармай бағасы қайтсе де арзандамайды дейді.
Айта кетейік, Францияда жанармай акцизін көтеруге қарсылық акциялары бірнеше апта бойы жалғасып жатыр. Өткен аптада шерудің соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, 400-ден астам адам ұсталды. Оқиғадан соң Париждегі Салтанат қақпасы ауданында полиция жанармай салығын көбейтуге қарсылық білдіріп шеруге шыққан наразыларды тоқтату үшін пиротехникалық гранаттар қолданған. Франция үкіметінің ақпараты бойынша, жалпы ел көлемінде шеруге қатысушылардың саны 36 мың адамға жеткен. Ал Парижде шеруге бес жарым мың адам шыққан.