Йемендегі нәзік жандылар БҰҰ-мен бейбіт келісім орнатуды қалайды

0

Иемендегі белсенді нәзік жандылар БҰҰ-мен бейбіт келісім орнатқысы келеді. Бұл туралы Йемендегі әйелдердің алғашқы конгрессінде мәлімдеді.

Екі күнге созылған жиын барысында Йеменнің биліктен тыс 21 нәзік жандылар ұйымының өкілдері қатысқан.

Конгресс соңында барлық қатысушылар бір ауыздан БҰҰ-мен бейбіт келісімдердің барлығына қатысуға дайынбыз деген шешімге келді.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бері Йеменде үш жақты әскери қақтығыс орын алып жатқандығы белгілі. Шиіт жақтастары «Аңсаруллах» пен елден қашқан экс-президент Әли Абдуллах Салехтың жақтастары қазіргі басшы Абдураббу Мансұр Хадидің әскери күштеріне қысым жасауда. Тыныштығы бүлінген нәзік жандылар, енді БҰҰ арқылы бейбітшілікке қол жеткізуді көздеп отыр.

«The Qazaq Times»