Йеменде әскери мектеп зымыранмен атқыланып, бес курсант қаза болды

0

Йеменнің оңтүстігіндегі зымыран соққысынан кем дегенде бес адам қаза болған. Зымыран әскери оқу орнын бітіруші курсанттар әскери парад өткізіп жатқан жерге түскен. Би-би-си зымыран соққысы Әл-Дәлейа қаласында болды деп хабарлады.

Курсанттар «Қауіпсіздік белбеуі» деп аталатын жартылай әскери құрылымға дайындалған. Бұл құрылым көтерілісші хуситтерге қарсы үкімет әскерімен коалиция құрған.

Жексенбідегі шабуылды Йеменнің ресми өкілдері хуситтерден көрді.

Көтерілісшілер әзірге қандай да бір уәж айтқан жоқ. Би-би-си «биыл тамызда да әскери мектеп зымыранмен атқыланып, 30-дан астам адам өлген болатын» деп хабарлады.

Azattyq