Эльмира Суханбердиеваның соты басталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Шенеунік қызметін асыра пайдаланды, пара алды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінген

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Есіл аудандық сотында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның соты басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Сот кабинеті» жүйесіндегі мәліметке сүйенсек, елорданың №3 мектеп-гимназиясының директоры Елена Шеверняева да вице-министрдің ісіне қатысты тергеліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Жаңа білім министрі жемқорлықпен қалай күреспек?

Эльмира Суханбердиеваның ісі 2 шілдеде басталып, сол күні судьяның қарауына берілді. Сотта судья Бақытжан Есенов төрағалық етеді.

Суханбердиеваның ісі

Маусым айында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қызметін асыра пайдаланды, пара алды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді. Шенеунік 2 тамызға дейін қамауға алынған болатын.

Тағы оқыңыз: Эльмира Суханбердиева туралы не білеміз?

Оған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловты ұстап, ол сотқа дейінгі тергеулер біткенше қамауға алынды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз