Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Эльмира Суханбердиеваға қандай айып тағылғаны әзірге жария етілмей отыр
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі растады.
«Вице-министр Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растаймыз», — деп мәлімдеді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, 24 мамырда білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен екі айға қамауға алынған болатын.
sputniknews.kz