Эльмира Суханбердиева түрмеде кітап жазды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Вице-министр түрмеде отырып жазған кітап жақын арада баспадан шығады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Бүгін сот залынан босатылған білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауда отырған кезде кітап жазғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Түрмеде отырған 34 күн бойы мен кітап жаздым. Оның аты — «Түрме вице-министрдің көзімен». Жақын арада жарыққа шығады. Бұл өте қызықты кітап болады. Ол мен туралы автобиография емес, сан алуан адамдардың пікірі енгізіледі. Мен оны аяқтауға жақынмын. Әдеби түзетулер ғана қалды», — деді Суханбердиева.

Оның айтуынша, бұл кітапты шетелдіктер сұрап отыр. Бірақ вице-министр оны алдымен Қазақстанда таратамын дейді.

Тағы оқыңыз: Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты

«Қазір маған баспа орталықтары хабарласып жатыр. Олар кітапты басып беруге ниетті. Мен арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге де таратамын», — деді Суханбердиева.



sputniknews.kz