Элизабет Тұрсынбаева Ресейде туып-өскеніне қарамастан неліктен Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жүргенін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ресей астанасында туып-өскен. Таяуда Жапонияда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленген спортшы неліктен Қазақстан атынан өнер көрсетуді ұйғарғаны, спортқа қалай келгені және ата-анасы туралы айтып берді. 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ресей астанасында туып-өскен. Таяуда Жапонияда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленген спортшы неліктен Қазақстан атынан өнер көрсетуді ұйғарғаны, спортқа қалай келгені және ата-анасы туралы айтып берді.    Бұл туралы «Честная жизнь» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.   Ресейде дүниеге келіп, сол жақта өскеніне қарамастан Қазақстанның намысын қорғап жүрген Элизабет Тұрсынбаеваның сөзінше, оның мұндай шешім қабылдауына әкесі себепші болған.   «Біздің әкеміз үлкен патриот. Ол менің Қазақстан атынан өнер көрсетуімді ұсынып, ата-анам ақылдасты. Ешқандай дау болған жоқ», - дейді Элизабет Тұрсынбаева.   Сұхбат барысында мәнерлеп сырғанаушы бастапқыда өзін ешбір жаттықтырушы қабылдамай қойғанын айтты. Оған себеп Элизабеттің толықтығы мен аурушаңдығы болған екен.   «Бастапқыда ата-анамыз бізді спортшы ретінде емес, жақсы адам ретінде тәрбиеледі. Анам мұз айдынының жанынан кездейсоқ өтіп бара жатып, балалардың жаттығып жүргенін көрген. Осыдан кейін анам біздің бірдеңемен айналысқанымызды қалады. Балалардың қуаты тасып тұрады ғой.   Алғашқыда інімді спортқа берді. Ол мәнерлеп сырғанауға сай келетін. Сырт келбеті де, арықтығы да соған сәйкес. Ал мен толық болдым, жиі ауыратынмын. Сондықтан денсаулығымды түзеу үшін берді. Бастапқыда мені мәнерлеп сырғанауға қабылдағысы келмеді.  Артынша басқа жаттықтырушыға барып көрдік. Ол жерден де шығарып жіберді. Мұнан кейін бастапқыда мені қабылдамаған жаттықтырушыға қайтып бардық. Ол сол жерде інім мәнерлеп сырғанаумен айналысып жүргендіктен, мені «жай ғана аламын» деген шартпен қабылдады», - деп еске алады мәнерлеп сырғанаушы.   Элизабеттің әкесі Қарағанды университетін тәмамдаған. Кейіннен Мәскеуге көшіп кетеді. Ал анасы – Қырғызстан тумасы.  «Анам 14 жасында үйінен қашып кеткен. Қалтасында ақшасы да болмаған. Ол пойызға отырып, кетіп қалған. Ол Мәскеудегі университке түсіп, екі жоғары білім алып, кейіннен пәтер сатып алған. Артынша мен және інім пайда болды», - дейді Тұрсынбаева.   Естеріңізге сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында екінші орынға ие болды. 

Бұл туралы «Честная жизнь» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресейде дүниеге келіп, сол жақта өскеніне қарамастан Қазақстанның намысын қорғап жүрген Элизабет Тұрсынбаеваның сөзінше, оның мұндай шешім қабылдауына әкесі себепші болған. 

«Біздің әкеміз үлкен патриот. Ол менің Қазақстан атынан өнер көрсетуімді ұсынып, ата-анам ақылдасты. Ешқандай дау болған жоқ», — дейді Элизабет Тұрсынбаева. 

Сұхбат барысында мәнерлеп сырғанаушы бастапқыда өзін ешбір жаттықтырушы қабылдамай қойғанын айтты. Оған себеп Элизабеттің толықтығы мен аурушаңдығы болған екен. 

«Бастапқыда ата-анамыз бізді спортшы ретінде емес, жақсы адам ретінде тәрбиеледі. Анам мұз айдынының жанынан кездейсоқ өтіп бара жатып, балалардың жаттығып жүргенін көрген. Осыдан кейін анам біздің бірдеңемен айналысқанымызды қалады. Балалардың қуаты тасып тұрады ғой.

Алғашқыда інімді спортқа берді. Ол мәнерлеп сырғанауға сай келетін. Сырт келбеті де, арықтығы да соған сәйкес. Ал мен толық болдым, жиі ауыратынмын. Сондықтан денсаулығымды түзеу үшін берді. Бастапқыда мені мәнерлеп сырғанауға қабылдағысы келмеді.  Артынша басқа жаттықтырушыға барып көрдік. Ол жерден де шығарып жіберді. Мұнан кейін бастапқыда мені қабылдамаған жаттықтырушыға қайтып бардық. Ол сол жерде інім мәнерлеп сырғанаумен айналысып жүргендіктен, мені «жай ғана аламын» деген шартпен қабылдады», — деп еске алады мәнерлеп сырғанаушы. 

Элизабеттің әкесі Қарағанды университетін тәмамдаған. Кейіннен Мәскеуге көшіп кетеді. Ал анасы – Қырғызстан тумасы.

«Анам 14 жасында үйінен қашып кеткен. Қалтасында ақшасы да болмаған. Ол пойызға отырып, кетіп қалған. Ол Мәскеудегі университке түсіп, екі жоғары білім алып, кейіннен пәтер сатып алған. Артынша мен және інім пайда болды», — дейді Тұрсынбаева. 

Естеріңізге сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында екінші орынға ие болды

stan.kz