Элизабет Тұрсынбаева өз жаттықтырушысын ауыстырды

0
29 Желтоқсан 2018, 14:15 489 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Baq.kz. Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева бапкерін ресейлік Этери Тутберидзеге алмастырды. Бұл жөнінде Bnews.kz порталы хабарлайды.

Элизабет Тұрсынбаева бұл жаңалықпен Қызылордаға сапары кезінде бөлісті. Қазақстандық спортшы Тутберидземен 2012-2013 жылдары бірге жұмыс жасаған болатын. Бірақ, соңғы бес жылда оны канадалық маман Брайан Орсер жаттықтырған болатын.

«Енді Этери Тутберидземен жұмыс жасайтын боламын. Алдымызда көп жұмыс күтіп тұр. 2019 жылы 4-10 ақпанда АҚШ-тың Анахайм қаласында өтетін Төрт континент чемпионатында өнер көрсетемін. Одан соң, 2-12 наурыз аралығында ресейлік Красноярда студенттер арасындағы Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді. Сондай-ақ, 18-24 наурызда Жапонияда мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты тағы бар. Қазір осы жарыстарға дайындық үстіндемін, — деді Тұрсынбаева.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ