Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

0
159

Спорт

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Тұрсынбаева тарихта ересектер арасындағы сайыста төрт айналымдық сальховты сәтті орындаған тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы атанып отыр

Астана, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Отандасымыз еркін бағдарламада алғаш рет төрт айналымдық сальхов элементін шебер орындап, 148.80 ұпай жинады. Бұл нәтиже – Элизабеттің маусымдағы үздік көрсеткіші.

Осылайша, Тұрсынбаева тарихта ересектер арасындағы сайыста төрт айналымдық сальховты сәтті орындаған тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы атанып отыр. Бұған қоса, Қазақстан спорты тарихында қыздар арасында әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы спортшы.

Қос сайыстың қорытындысы бойынша Элизабет 224.76 ұпай жинап, күміс медаль олжалады.

Әлем біріншілігінің «алтыны» ресейлік Алина Загитоваға (237.50) бұйырса, үшінші орынды Евгения Медведева (223.80) иеленді.

Биылғы маусымда қазақ қызы Универсиада ойындары мен төрт құрлық чемпионатының «күміс» медалін жеңіп алған еді.



sputniknews.kz