«Электронды үкіметтің» қызметі тиімді | «Айқын» газеті

0

Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету стандарты дегеніміз – жеке немесе заңды тұлғаның өтініш қабылдау. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру. 

Мемлекеттік қызметті министрліктің аумақтық әділет органдары көрсетеді. Заңды тұлғаларды тіркеу мен филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді Әділет министрлігінің аудандық Әділет басқар­ма­лары жүзеге асырады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңның 10-бабына сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы стандарты бекітілген болатын. Мемлекет­тік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы стандартқа сәйкес есептеледі. Салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төлен­уі тиіс. Мемлекеттік қызмет «Элек­трон­ды үкімет» арқылы жүзеге асады. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тір­кеу­­ге ұсынылған құжаттардың заңға сәй­кес­тігі тексеріледі. Сондай-ақ бизнес сәй­кестендіру нөмірі арқылы есептік тіркеу туралы анықтама беріледі. Филиал­дар мен өкілдіктер туралы мәліметтер енгізіледі.

Абай ХАБИБУЛЛАҰЛЫ,
Алматы қаласы
Түрксіб аудандық
Әділет басқармасының инспекторы

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз