Электр стансасының трансформаторы жарылды | КТК

0


АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының Квинс ауданында электр стансасының трансформаторы жарылды.

Оқыс оқиға бүгін түнде Astoria East and North Queens Con Ed зауытында болған.  Жарылыстың қуаттылығы соншалық, түнгі Нью-Йорк аспаны ашық көгілдір түске боялған.

Жарқылдаған от бірнеше шақырымнан көрініп тұрды. Әзірге бұл оқыс оқиға жайлы нақты деректер айтылмай отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат