Эльдар Толғанбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

0

Эльдар Толғанбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

«Үкіметтің қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада. Премьер-министрдің ресми сайтының мәліметінше, Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д. А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған. 2005-2006 жылдары Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы болды. 2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен. 2008-2012 жылдары бас кеңесші; премьер-министр Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі болды.

2012-2016 жылдары президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2016-2019 жылдары парламент мәжілісі төрағасының кеңесшісі болды. 2019 жылы жеке құрылымында жұмыс істеген. 2019-2020 жылдары «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. 2020-2022 жылдары Almaty телерадиокомпаниясы АҚ бас директорының бірінші орынбасары болған. 2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.