Экзит-полл: Зеленский – 73%, Порошенко – 25% дауыс алды

0
54

Экзит-полл нәтижесі бойынша, Украинадағы президент сайлауында сайлаушылардың 73,2% – әртіс Владимир Зеленскийге, 25,3%​ елдің қазіргі президенті Петр Порошенкоға дауыс берген. Сайлаушылардың 1,5% екі үміткерді де сызып тастаған немесе бюллетеньді бүлдірген.

Бұған қоса, экзит-полл қорытындысы Владимир Зеленскийдің Украинаның барлық аймағында басымдыққа ие болғанын көрсеткен. Бұл – Киев уақытымен кешкі сағат 18.00-дегі (Нұр-Астана бойынша кешкі сағат 21.00) жағдай.

Сәуірдің 21-і Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Азат Еуропа/Азаттық радиосының «Настоящее время» жобасы Украинадағы президент сайлауының барысын күні бойы сарапшылармен талқылап, сайлау учаскелерінен тікелей эфирде хабар таратты.

Azattyq