Экватор Гвинеясын 43 жылдан бері басқарып келе жатқан президенті тағы да «сайланды»

0
76

Жексенбі күні Экватор Гвинеясында президент сайлауы өтіп, 80 жастағы президенті Теодоро Обианг Нгема Мбасого тағы да сайланған. Ол осы Африка республикасының тұңғыш президенті болған ағасын 1979 биліктен тайдырып, орнына отырған еді, деп хабарлайды kznews.kz сайты azattyq порталына сілтеме жасап.

Обианг Нгеманың билікті бермей жүргеніне 43 жыл болды. Әлемде дәл бұлай республикалық билікте ұзақ отырған ешкім жоқ. Бес рет президент болып сайналып, 90 пайыздан дауыс алған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен оппозиция оны диктатор деп санайды.

Обианг Нгема биылғы сайлауда жеңетініне де сенімді болған. Сайлауға қатысқан екі бәсекелесінің біреуі осымен бесінші рет, біреуі екінші рет кандидат болған. Оппозициялық кандидат сайлау комиссиясының мүшелері бюллетеньдерді топтап салды, жаппай заң бұзды деп мәлімдеген. Салыстырмалы түрде әділ сайлау ел астанасы Малабо да ғана болып жатыр деп хабарлайды Reuters.

Экватор Гвинеясының билігі «ешқандай заң бұзушылық жоқ, белсенділер мүлде қуғындалмады» деп санайды. Әзірге дауыс қорытындысы жарияланбаған.

Экватор Гвинеясы бюджетінің төрттен үші мұнай мен газ сатудан түскен ақшадан құралады. Жан басына шаққанда табысы жөнгінде бұл ел шартты түрде Африкадағы алғашқы орындардың біріне шыққан. Freedom House ұйымы Теодоро Обианга Нгеманы «қазіргі әлемдегі ең клептократиялық автократ» деп атап, Нгема мен оның отбасы мемлекетттің барлық байлағын теспей сорып отыр деп мәлімдеген.