Экстремистер шабуылынан он сарбаз қаза тапты

0

Пәкістан әскері 27 шілдеде Солтүстік Вазиристан және Белужистан провинциясында экстремистер шабуылынан кемінде он пәкістандық сарбаз қаза тапқанын хабарлады.

Бірінші жағдайда Ауғанстан шекарасы жағынан келген экстремистер Солтүстік Вазиристан аймағындағы елді мекендерді күзетіп жүрген әскерилерге оқ жаудырған. Соның салдарынан алты сарбаз көз жұмған. Шабуылды «Техрик-е Талибан Пәкістан» тобы мойнына алды. Солтүстік Вазиристанда «Талибан» экстремистік тобының пәкістандық бөлімшесі мен өзге де қарулы топтар ұзақ уақыт бойы тасалап келеді. 2014 жылы Пәкістан әскері шабуылынан кейін содырлардың басым бөлігі Солтүстік Вазиристан және Ауғанстанмен шекаралас аймақтарға қашқан.

2017 жылы наурыз айында Пәкістан билігі содырлардан қорғану мақсатында Ауғанстанмен шекараға ұзындығы шамамен 2600 шақырымға созылатын қоршау тұрғызуға кірісті. Әскерилер жыл басында шамамен 900 шақырымға қоршау салынып біткенін хабарлаған.

Azattyq