Экспортты шектеу: Қазақстанның сұйытылған газы қай елдерге кетіп жатыр

0

Энергетика министрлігінің Қазақстаннан сұйытылған мұнай газын  әкетуге тыйым салу туралы бұйрығы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, еліміз сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салмақ. Энергетика министрлігі бұл шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстаннан автогаз әкетуге тыйым бұған дейін де салынғанын айта кеткен жөн. Мұндай бұйрықтар 2017 жылы да шығарылған, құжаттар сұйытылған мұнай газын автомобильдермен шетел асыруға 3 жылға тыйым салды. Алайда бұған дейін теміржол көлігіне қатысты шектеу болмаған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 7 айда Қазақстан 672,2 мың тонна сұйытылған мұнай газын экспорттады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорт көлемі төмендеу 16% немесе 124,4 мың тоннаға азайған.

Қаңтар-шілде айларында жалпы сұраныстың 85%-ға жуығы қазақстандық автогаздың негізгі сатып алушылары саналатын бес елден түсті:

  • Тәжікстан – 186,7 мың тонна;
  • Алжир – 139,3 мың тонна;
  • Түркия –114,1 мың тонна;
  • Польша – 79,2 мың тонна;
  • Ауғанстан – 38,9 мың тонна.

Айта кетейік, бұдан бұрын ресейлік мұнай Қазақстан өнімін Өзбекстан нарығынан ығыстырғаны хабарланған.