Эксклюзив: КТК арнасының жаңа жылдық шашуы

0

Телеарнаның 2018 жылға алғысы мол, 2019-дан күтері көп. Барын бағалап, бағдарламаларын қорытып, Жаңа жылға шашуы дайын. Тек сіздер үшін! Тек эксклюзив дүниені қабыл алыңыз!

29-шы желтоқсанда сағат 18:00-де «Махаббат әлемі» деген атпен жаңажылдық ән шашудың тұсауы кесіледі. Ерекшелігі: ерлі-зайыпты танымал әншілердің махаббатпен шырқаған әндері! 

30-шы желтоқсан сағат 16:10-да өзбек ағайындарымыздың «Тағдыр тәлкегі» деген жаңажылдық комедиясының тұсауы кесілмек. Мұнда тап Жаңа жыл түнінде болған адам нанғысыз оқиғаның куәгері боласыз.

30-шы қаңтар күні сағат 18:30-да «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жаңа жылдық шығарылымы! Ерекшелігі: «Дау-дамайсыздың» жаңа жылдық шығарылымы дастархан басында дайындалды.

30-шы қаңтар сағат 20:00-де ең қызық шығарылым! КТК көрермендерінің арманын орындаған фильм! КТК жаңалықтарының ұжымы дайындаған «Жаңа жылдық хикая.

30-шы қаңтарда сағат 20:25-те көрерменнің көзайымына айналған «Елки новые» жаңа жылдық комедиясының тұсаукесері.

31-ші желтоқсанда сағат 18:00-де 2018 жылдың ең керемет әндері мен ең үздік әншісін КТК арнасынан тамашалаңыз! «Ән мен әнші» концерті аяқтала салысымен, сағат 21:00-де «Жаңа жылдық көгілдір от» мерекелік сазды-думан ұсынылады.

2019 жылдың 1-ші қаңтарында сағат 16:00-де жаңа жылдық әзіл мен ән-думанның шымылдығын тек КТК арнасында «Шаншар» түрмек.

Іле-шала, сағат 19:15-те Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала комедиясы» романтикалық картинасы тек КТК арнасында көрсетілмек.

2-ші қаңтарда сағат 18:30-да «Нағыз еркек»! Кім дейсіз ғой? Қайрат Нұртас! Ән-шашу! Тұсаукесер! Қалт жібермей қараңыз!

5-ші қаңтар күні аты аңызға айналған «Тамашаның» 40 жылдық мерейтойын тамашалауға шақырамыз. Тек КТК арнасындағы тұсаукесер!

Сондай-ақ тағы да басқа мерекелік көркем фильмдер, керемет концерттер ұсынылады. Нақтырақ, КТК сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі КТК телеарнасы парақшаларынан қараңыз.