Экс-прокурор Путинді тұтқындауға ордер беруге шақырды

0

БҰҰ-ның Югославия бойынша трибуналдарының бұрынғы прокуроры Руанда Карла дель Понте Владимир Путинді халықаралық қамауға алу ордерін алуға шақырды. Бұл туралы kznews.kz сайты rus.delfi.lv басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Путин – соғыс қылмыскері», — деді Карла дель Понте швейцариялық «Le Temps» газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Украинада айқын соғыс қылмыстары жасалып жатыр. Дель Понтені, әсіресе, Югославияда болған оқиғаны еске түсіретін жаппай қабірлерді қолдану ерекше шошытқан.

«Мен одан кейін жаппай қабірлерді қайтадан көрмеймін деп үміттенген едім. Біле білсеңіздер, бұл құрбандардың жақындары бар. Ал олар бұл жағдайдан бейхабар», — деді ол.

Дель Понтенің айтуынша, Украина бойынша тергеу жүргізу Югославияға қарағанда жеңілірек болады. Өйткені Киевтің өзі халықаралық тергеу жүргізуді сұрады. Ал Халықаралық қылмыстық соттың (ХКК) қазіргі бас прокуроры Карим хан наурыз айында Украинаға барып үлгерді.

«Егер ХКК соғыс қылмыстары туралы дәлелдер тапса, онда ол шешім қабылдағандарға жетуі тиіс», — деді Дель Понте.

Осылайша экс-прокурордың пікірінше, тіпті Путинді де жауапкершілікке тартуға болады.

«Слободан Милошевичке қатысты тергеу басталғанда ол сербия президенті болды. Сол кезде ешкім оны жауапқа тартылады деп ойламады да», — деді экс-прокурор.

Сонымен қатар дель Понте екі тарап жасаған ықтимал соғыс қылмыстарын тергеу қажет екенін де айтып өтті.

Айта кетейік, Ресей Украинада болып жатқан оқиғаларды Донбассты қорғауға бағытталған және елді «демилитаризациялауға» әрі «деназизациялауға» бағытталған «арнайы әскери операция» деп атайды.