Экс-президенттің отбасы мемлекеттік қазынаға қанша ақша қарыз?

0
2155
President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev and his family. 1992. Photo ITAR-TASS/M.Budnevich and A.Ustinenko ----- ridus.ru

Нұрсұлтан Назарбаев пен оның әйелі, қыздарының бірі, сондай-ақ ағасы мен әпкесі көлік, жер және мүлік үшін мемлекетке салық төлемеген. Тіпті ол үшін айыппұл да салынған. Бұл туралы Orda.kz сайты зерттеу жүргізді.

Назарбаевтардың отбасы мүшелері, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, Қазақстан бюджетіне 500 мың теңгеге жуық салық берешегі бар. Бұл соманың бір бөлігі өсімпұлға тиесілі.

17 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекет қазынасына 4 437.85 теңге қарыз. Бұл соманы ол Алматы қаласының Алмалы ауданындағы жер телімін пайдаланғаны үшін төлеуі тиіс екен. Ал Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаеваның өзімен аттас жеке кәсібі бар. Кәсіпорынды “Конакай” деген есіммен рәсімдеген. Зайыбы сияқты Сара Назарбаева да Алматының Бостандық ауданында тіркелген мүлік салығын төлемеген. «Өзін – өзі тану» білім беру бағдарламасының авторы мемлекетке 40662.4 теңге берешек, оның ішінде 2419.43 теңге өсімпұлды құрайды.

Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева 1597.2 теңгені құрайтын бірыңғай жер салығын төлемеген. Бұл ұзаққа созылғандықтан болар қарыздың осы түрі бойынша өсімақы 292.96 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда Елбасының кенжесі Алматы облысы Жамбыл ауданы Санин ауылдық округіндегі жер телімі үшін 1890.16 теңге төлеуі тиіс.

Елбасының інісі Болат Назарбаев та жер салығын төлемеген. Қарыз Ақмола облысы Бурабай ауданының мемлекеттік кірістер басқармасында көрсетілгенін ескере отырып, учаске де сол жерде орналасқанын анықауға болады. Бүгінде Болат Назарбаев мемлекетке 4327.21 теңге берешек.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қарындасы Анипа Назарбаева басқаларына қарағанда мемлекетке көбірек қарыз. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ол қазынаға 439 621.25 теңге беруі керек. Құжаттарда қарыз сомасы — бұл Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша МКД есебінде тұрған көлікке салынатын салық екені көрсетіледі.

Отбасының басқа мүшелерінен айырмашылығы, Дариға мен Динара Назарбаевада ешқандай қарыз жоқ. Олар уақытылы салық төлеушілер қатарына кіреді.