Экс-премьер-министр елордадағы мүлкін сатуға шығарды
Бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің елордадағы мүлкін сату жөніндегі келіссөздері туралы журналист Махамбет Әбжан хабарлады.
Экс«Папиндікі болмаса, Маминдікі. Әңгіме кем дегенде «Евразия» сауда орталығы, бес саяжай, Көкталдағы үй және астанадағы ауданы 100 гектарға жуық көп жер телімдері туралы болып отыр» деп жазды Әбжан Telegram-да.
Ол сонымен қатар қазір Асқар Мамин Нұр-Сұлтанда екенін еске салды.
Айта кетсек, бір күн бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маминге қатысты қылмыстық іс жоқ екенін айтқан.
Еске салсақ, 5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Одан кейін елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалына арналған кеңес барысында ҚР бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин отставкаға кету туралы өтініш бергені белгілі болды. Ол 2019-2022 жылдар аралығында Министрлер кабинетінің басшысы қызметін атқарған.
(фото orda.kz)