Экс-министр Есқараев жаңа қызметке тағайындалды

0

Тиісті жарлыққа президент қол қойды

Бұрынғы Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Азамат Есқараев екі жыл бойы Әділет министрлігін басқарған. Осы жылдың басында Есқараевтың орнына әділет министрі болып Ерлан Сәрсембаев тағайындалды.